Бүгін Шымкентте қайғылы оқиға болды – 9-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен бала көз жұмды, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ға сілтеме жасаған paryz.kz.
Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, оқыс жағдай Шымкенттің Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағыауданында болған.
"2023 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кетіп, көз жұмды", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері Шымкентте тоғыз бала терезеден құлап кеткен. Өкінішке қарай, олардың төртеуі көз жұмса, бес бала түрлі дәрежедегі жарақат алған.
Осыған байланысты Шымкент ТЖД ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырады.