Танымал тележүргізуші, актриса Аша Матай әлеуметтік желіде өзі туралы тараған қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі Ұлттық құрылтай мүшелігіне үміткерліктен бас тартқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Ол мұндай мәліметтердің әдейі таратылып жатқанын жеткізді.
«Мен туралы жалған ақпарат таратыпты. Кейбіреулер халықты шатастырып, мен өз кандидатурамды қайтарып алып, депутаттықтан бас тартты деп айтып жүр. Әрине, бұл мәселе тапсырыспен болып жатыр. Мен Құрылтайға үміткермін. Депутат болатыныма сенімдімін. Маған сенген азаматтар, оқырмандарым, тыңдармандарым, өздеріңіздің мұң-мұқтаждарыңызды маған айтыңыздар, жазыңыздар! Сіздердің маған артқан жүктеріңізді Құрылтайға арқалап барамын. Сіздер үшін күресемін. Мен сынбаймын, жігерім мен мінезім жетерлік. Құдай қолдасын, ағайын», – деді Аша Матай.