Атырауда ер адам өзімен бірге тұратын әйелді пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды paryz.kz.
22 шілдеде болған қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желіде жазылды.
Марқұмның туыстарының айтуынша, қылмыс 3 жасар қыздың көз алдында болған. Бүлдіршін анасының мәйітінің жанында 1,5 тәулік жалғыз болған. Араға төрт күн салып күдікті ұсталды.
"Тұрмыстық жанжал кезінде әйелді өлтірді деген күдікпен онымен бірген тұрған 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Атырау облысының полиция департаменті.