Прямая трансляция

Астана

Астана

28.02°C

Жамбыл облысында ер адамды атып өлтірді

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговое ауылында жігітті атып өлтірді, деп хабарлайды paryz.kz.

Жамбыл облысында ер адамды атып өлтірді
Фото: Криминальный Казахстан

Қайғылы оқиға 1 тамыз түнгі сағат 03:00 шамасында болған. Бұл туралы қара жамылған отбасы әлеуметтік желіде жазды. Олар жігітті өлтіргендер бұрыннан келе жатқан қылмыстық топ екенін жазған. Полиция осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - дейді Жамбыл облысының полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.