Хромтау маңында Audi мен «ГАЗель» автокөліктері соқтығысып, үш адам қаза тапты. Полиция ақпаратты растады, деп хабарлайды paryz.Kz.
Жол апаты 28 шілде күні Самара – Шымкент автожолында болған.
«Хромтау қаласы маңында Audi және «ГАЗель» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізу кезінде қайтыс болды», - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.