Прямая трансляция

Астана

Астана

26.87°C

Көкшетауда ер адам ішінде иесі ұйықтап жатқан көлікті айдап кеткен

Көкшетауда ер адам салонда иесі ұйықтап жатқан көлікті мініп кеткен, деп хабарлайды paryz.kz.

Көкшетауда ер адам ішінде иесі ұйықтап жатқан көлікті айдап кеткен
Фото: видиодан скриншот

Түнде дәмханадан шыққан 26 жастағы Петропавл тұрғыны мас күйінде біреудің Changan CS75 Plus көлігіне отырған. Ал бұл кезде көлік иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан.

Күдікті шамамен 10 метр жүргеннен кейін көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адамның іс-әрекеті "Ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бабы бойынша сараланады.