Прямая трансляция

Астана

Астана

29.99°C

ШҚО-да 18 жастағы жігіт суға секіремін деп мойнын сындырып алды

Шығыс Қазақстан облысында 18 жастағы жігіт таяз жерге сүңгіп, мойнын сындырып алды. Оған ота жасалды, деп хабарлайды paryz.kz.

ШҚО-да 18 жастағы жігіт суға секіремін деп мойнын сындырып алды
Фото: pexels

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, 21 шілдеде қабылдау бөліміне ауыр омыртқа жарақатымен 18 жастағы пациент түскен.

"Жас жігіт таяз жерге сүңгіген кезде жарақат алған. Басымен су түбіне соғылғанда С7 деңгейіндегі мойын омыртқасы уатылып сынған", - деп хабарлады медициналық мекеме.

Операция алдындағы қажетті дайындықтан кейін келесі күні пациенке ота жасалған. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында ота сәтті өткен.

Қазіргі таңда пациенттің жағдайы едәуір жақсарған, қол-аяғының сезімталдығы қалпына келген. Дәрігерлер абайсызда жасалған бір ғана секірудің мүгедектікке немесе өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді