Ақтөбеде 41 жастағы ер адам танысымен бірге ішімдік ішіп отырған кезде достық көңіл-күйді өз пайдасына пайдалануды ұйғарған, деп хабарлайды paryz.kz.
Танысының назары басқа жаққа ауған сәтте ол оның ұялы телефонын алып, банк қосымшасына кіріп, өзінің есепшотына 1 миллион теңге аударып жіберген.
Жәбірленуші ақша аударылғанын бірнеше күннен кейін ғана банк операцияларын тексеру барысында байқап, бірден полицияға жүгінген.
«Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында күдікті кінәсін толық мойындап, аударылған ақшаны жеке қажетіне жұмсап үлгергенін айтқан. Аталған факті бойынша ұрлық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.