Прямая трансляция

Астана

Астана

26.6°C

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Алматы облысындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: видиодан скриншот

Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, жол апаты 23 маусымда Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында болған.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынған. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.