Прямая трансляция

Астана

Астана

25.59°C

Ақтөбеде 19 жастағы жігіт найзағайдан көз жұмды

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіттің мәйіті табылып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбеде 19 жастағы жігіт найзағайдан көз жұмды
pixabay

Полицияның алдын ала мәліметінше, оның өліміне найзағай соғуы себеп болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілір жатыр.

— 19 жастағы жігіттің мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі атмосфералық электр тогының әсерінен (найзағай соғу салдарынан) болған, — делінген Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.