Прямая трансляция

Астана

Астана

34.32°C

Атырауда Орал өзенінде моторлы қайықтар соқтығысты

Екі моторлы қайықтың соқтығысуы салдарынан бірнеше адам суға құлаған.

Атырауда Орал өзенінде моторлы қайықтар соқтығысты
Фото: видиодан скриншот

Куәгерлер болған жайтты видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады. Бейнежазбадан қайықтардың бірі екіншісін ішінара соққанын көруге болады. Төтенше жағдай кезінде ATR-0787 қайығында болған екі жолаушы жарақат алған.

Олар облыстық ауруханаға жеткізілді. 22 маусым күні сағат 23:35 шамасында Жайық өзенінде MAN-0468 және Dolphin ATR-0787 маркалы қайықтар соқтығысқан. ATR-0787 қайығында болған екі жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта тиісті іс құжаттар жинақталып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады», – деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.