Прямая трансляция

Астана

Астана

23.04°C

Бес адам ажал құшты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды

Ақмола облысында үш автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам көз жұмды. Тағы бес адам түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды paryz.kz.

Бес адам ажал құшты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды
Фото: istockphoto

21 маусым күні сағат 14:56 шамасында Целиноград ауданындағы Астана – Қорғалжын автожолында, Оразақ пен Өтеміс ауылдарының аралығында жол апаты болды.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасына Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser маркалы үш көлік қатысқан. Соқтығысудан кейін екі Toyota көлігі өртеніп кеткен.

Өрт толықтай сағат 15:35-те сөндірілді. Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. 

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.