Прямая трансляция

Астана

Астана

26.46°C

Алматыда әйел бесінші қабаттан құлап көз жұмды

Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түн ортасына қарай қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда әйел бесінші қабаттан құлап көз жұмды
Фото: egemen.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттың терезесінен секіріп, өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері оның қаза тапқанын растады.

– Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Полицияның мәліметінше, марқұм сол тұрғын үй кешенінде тұрған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, кейінгі уақытта ол жеке өмірінде қиындықтар болып, күйзеліске түскен.