Ақмола облысындағы су айдынында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Қайғылы оқиғаның бірі Қосшы қаласында болған.
"Нұра–Есіл каналында 10 жастағы бала суға батып кетті. Бұл су айдыны шомылуға арналмаған, аумағында тыйым салатын белгілер орнатылған", - дейді құтқарушылар. Баланың денесі табылып, судан шығарылды.