Прямая трансляция

Астана

Астана

20.88°C

Маңғыстауда ойын алаңынан 12 жастағы баланың денесі табылды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы тұрғын үй жанындағы ойын алаңдарының бірінен мектеп жасындағы баланың өлі денесі табылды. Бұл туралы Lada.kz басылымына жергілікті тұрғындардың бірі хабарлаған, деп жазады paryz.kz.

Маңғыстауда ойын алаңынан 12 жастағы баланың денесі табылды
pixabay

Басылым мәліметінше, аудан тұрғыны баланың денесінде тұншығу белгілері болған.

"Оны басқа бала көріп, басында әткеншетте отыр деп ойлаған. Жақындап келіп, беті көкпеңбек болып тұрғанын байқаған. Сол кезде ол ата-анасын шақырған, ал олар болса, жедел-жәрдем шақырған. Әзірге себебі белгісіз", - деп хабарлаған дереккөз.

Жедел жәрдем станциясы бала өлімін растаған. Ондағылар оқиға орнына 1 маусымда барғанын, медиктер 2014 жылғы баланың өлімін тіркегенін басылымға жеткізген. Ал Маңғыстау облыстық ПД ақпаратқа қатысты еш пікір білдірмеді.