Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен бес адамның жағдайы белгілі болды

Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен бес адамның жағдайы белгілі болды. Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен бес адамның жағдайы белгілі болды
threads.com/@iamelyyya

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай елордадағы Сарайшық ауданындағы Аманжолов көшесінде болған еді. Куәгерлер жолдың ортасында көлік жарылғанын хабарлаған болатын.

Kazinform-ның жазуынша, куәгерлердің алдын ала ақпараты бойынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Салдарынан жақын маңда тұрған бірнеше көлікке зақым келген. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел жетіп, өрт арнайы қызметтердің күшімен сөндірілген. 

Almaty.tv арнасының мәліметінше, кейінірек белгілі болғандай, оқиғадан бес адам оның ішінде бір бала зардап шеккен. Зардап шеккен барлық адамға шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің мұқият бақылауында. "№1 көпбейінді қалалық аурухана мен №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына төрт ересек адам мен бір бала жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ", - деп хабарлады телеарнаға Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.