Прямая трансляция

Астана

Астана

28°C

Ақмола облысында әйел дүкеншіге пышақпен шабуыл жасады

Ақмола облысы Степногорск қаласында сатып алушы дүкеншіні пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақмола облысында әйел дүкеншіге пышақпен шабуыл жасады
Фото: видиодан скриншот

Оқиға сауда үйлерінің бірінде болған және оның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Видеодан зат сатып алуға келген әйелдің пышақпен шабуыл жасағанын көруге болады. Ал жәбір көрген әйел жанұшыра айқайлап, көмекке шақырумен болды. Полиция осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады..

"Күдікті анықталып, медициналық мекемеге орналастырылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.