Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Көкшетауда әйел көлігімен баланы қағып кетті

Көкшетауда әйел адам көлігімен баланы қағып кетті, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаменті.

Көкшетауда әйел көлігімен баланы қағып кетті
pixabay / Sabine van Erp

Оқыс жағдай тұрғын үй ауласында болған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бала анасымен бірге тротуарда келе жатқанда тұраққа ыңғайланып жатқан көлік тоқтамай, баланы қағып кетеді.

Зардап шеккен баланың ата-анасы ешқандай шағым түсірмеген. Баланың жарақаты жеңіл болғандықтан, дәрігерлер тексерісінен кейін ол үйіне жіберілді.

Полицияның айтуынша, жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.