Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Қарағандыда аулада баланы пышақпен қуған жасөспірім анықталды

Қарағандыда полицейлер тұрғын үйдің ауласында баланы пышақпен қуған жасөспірімнің кім екенін анықтады.

Қарағандыда аулада баланы пышақпен қуған жасөспірім анықталды
Фото: frepek

Оқиға 17 мамырда Қазыбек би атындағы ауданда болған. Полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз жасөспірімнің қолына пышақ ұстап, баланың соңынан жүгіргені туралы хабарлама түскен.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру барысында 8 жасар бала үйіне қайтып бара жатқанда, оған қолында пышағы бар 12 жасар жасөспірімнің жүгіргені белгілі болды.

Кейіннен бұл кәмелетке толмағандар бір-біріне көрші екені анықталды. Полиция қызметкерлері жасөспірімнің жеке басын жедел түрде анықтады.

«Ол заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ психологтың қатысуымен екі кәмелетке толмаған баламен де тиісті жұмыстар атқарылды», – деп хабарлады полициядан.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі уақытта балалардың заңды өкілдерінің бір-біріне қояр талап-арызы жоқ.

Полиция ата-аналарды балалардың мінез-құлқына, олардың қоршаған ортасы мен эмоционалдық жағдайына ерекше назар аударуға шақырды.