Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі суицид жасады

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округтің әкімінің денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі суицид жасады
Фото: gov.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, ауыл округінің әкімі Ерлан Смаилов өзіне қол жұмсаған.

Белгілі болғандай, ол бұл қызметке 2026 жылғы 17 ақпанда тағайындалған. Бұған дейін "Майское-Агро" ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген. Қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған.

Қазір оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Тергеу жүмыстары жүргізілуде.