Павлодардағы алюминий зауытында екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
"№3 пештің кептіру алаңындағы тазалау жұмыстары кезінде ұзақ уақыт бойы жиналып, қатып қалған материалдың бір бөлігі опырылып құлаған. Жұмыс кезінде сол жерде диірмен машинисі мен күйдіру цехының агломератшысы болған", - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Салдарынан диірмен машинисінің оң аяғы сынып, ауруханаға жатқызылды. Екінші жұмысшының оң аяғының жұмсақ тіндері жарақаттанған. Ол амбулаториялық бақылауға жіберілді.