Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Алматы облысында жасөспірім көлікпен баланы қағып кетті

Түрген ауылында көлік жүргізген жасөспірім 12 жасар баланы қағып кеткен. Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады.

Алматы облысында жасөспірім көлікпен баланы қағып кетті
Фото: istockphoto

Жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түскен бойда, қызметкерлер жүргізушіні анықтау және ұстау бойынша шұғыл шаралар қабылдады. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері JAC маркалы автокөлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісін анықтап, жауапкершілікке тартты. Жасөспірімнің ата-анасы да екі бап бойынша жауапқа тартылды, - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.

12 жасар баланы қағып кеткені туралы хабарлама полицияға түскеннен кейін, тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар жүргізушіні анықтау және ұстау бойынша шұғыл шаралар қабылдады.

Көлік құралы айып тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, түпкілікті процессуалдық шешім медициналық қорытынды алынғаннан кейін және зардап шегуші ауруханадан шыққан соң қабылданады, - деді полиция өкілдері.