Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Таразда полициядан қашқан бозбала адам өліміне себепкер болды

Таразда полициядан қашқан 15 жастағы бозбала адам өліміне себепкер болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Таразда полициядан қашқан бозбала адам өліміне себепкер болды
Polisia.kz

Таразда полициядан қашқан 15 жастағы бозбала адам өліміне себепкер болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған "Audi" көлігін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші полицияны елемеген.

"Ол жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, басқа көліктерге қауіп төндіріп, жасырынуға тырысты. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, электр желісінің бетон тірегіне соғылды. Апат салдарынан бір жолаушы көз жұмды", - дейді полиция.

Көлік рөлінде 15 жастағы бозбала болған. Кәмелетке толмаған бала ата-анасымен бірге полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.