Атырау облысында бір отбасының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс сот өндірісіне түскен, деп хабарлайды Paryz.kz.
Алғашқы сот отырысы 18 мамыр күні сағат 11:00-ге белгіленген. Процесс ашық форматта өтеді. Істі өңірдің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарайды.
Сот процесіне судья Зарема Хамидуллина төрағалық етеді. Өңірдегі ең резонансты әрі ауыр қылмыстық істер көп жылдан бері дәл осы судьяға тапсырылып келеді.
Ол бұған дейін Яна Легкодимованы өлтіру ісін қарап, айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.