Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 10 мамырға арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: istockphoto

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстан аумағында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқамерзімді табиғи құбылыстар.

Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады. Мұндай жағдайлар кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Алайда бүгін республика бойынша ауа сапасы қалыпты деңгейде болады деп болжанып отыр.