Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Таразда бір топ жасөспірім қатарласын ұрып-соққан

Таразда оқушылар қатарластарын тападай-тал түсте ұрып-соққан. Әлеуметтік желіде төбелестің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Таразда бір топ жасөспірім қатарласын ұрып-соққан
Фото: Baq.kz.

Полиция өкілдері қатарластарын ұрып-соққан жасөспірімдерді анықтаған. 5 мамырда «102» арнасына жасөспірімге дене жарақатын салу дерегі бойынша шақырту түсті.

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. 15 жастағы жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мектеп оқушылары профилактикалық есепке қойылды.

Олардың ата-аналары бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Жамбыл облысының ПЛ баспасөз қыметі.