Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Жетісу облысында жоғалып кеткен 74 жастағы зейнеткер табылды

Бүгін Жетісу облысында 1952 жылы туған, 28 сәуір күні үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған ер адамды іздестіру жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жетісу облысында жоғалып кеткен 74 жастағы зейнеткер табылды
Фото: ТЖМ

Іздеу жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылып, жергілікті аумақтар тексерілді, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ер адам Талдықорған қаласынан шамамен 15 шақырым жерде, «Ұйтас» саяжай қоғамы маңынан табылды. Құтқарушылар оны жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ