Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Алматыда мектепке балтамен келген оқушы қыз ұсталды

Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен келген. Полиция бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Алматыда мектепке балтамен келген оқушы қыз ұсталды
Фото: Baq.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мектеп оқушысы әлеуметтік желідегі нұсқауларға еріп әрекет еткен.

Алайда полицейлер дер кезінде шара қолданып, қайғылы жағдайдың алдын алған.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып жатыр.

Сонымен қатар, оқушының ата-анасына қатысты бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша тергеу басталды.