Прямая трансляция

Астана

Астана

22.33°C

Жетісуда 46 млн теңгенің малы ұрланды

Жетісу облысында аса ірі көлемдегі мал ұрлығына бақташының қатысы бар екені анықталды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Жетісуда 46 млн теңгенің малы ұрланды
Фото: Baq.kz.

Ескелді ауданының тұрғыны полицияға жүгініп, жайылымда болған 81 бас асыл тұқымды "Алатау" сиырының 39-ы жоғалғанын хабарлаған.

Келтірілген шығын көлемі 46 миллион теңгеден асқан. Полиция қызметкерлері дереу жедел іздестіру шараларын бастады.

 "Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы толық анықталды. 45 жастағы бақташы мал иесінің сеніміне кіріп, 17 жыл бойы оның малын бағып келген. Оның ұрлыққа қатысы бары дәлелденіп, күдікті ұсталып, қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрланған мал иесіне қайтарылды.