Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

Ақсудағы ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға 20 сәуірде болған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Фото:

Қайғылы оқиға 20 сәуір күні болған. Металды ұсақтау жұмыстарын орындау кезінде ұсатушы қызметкер өмірге қауіпті ауыр жарақат алған, – деп хабарлады компания өкілдері.

Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар беріліп, тергеу жұмыстары басталды. Компания басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмекті көрсететінін жеткізді.