Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Елордада жас жігіт биік үйдің шатырынан «секіремін» деп елді дүрліктірді

Астанада 18 жастағы жігіт көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Елордада жас жігіт биік үйдің шатырынан «секіремін» деп елді дүрліктірді
Фото: видиодан скриншот

Бозбала екі сағат бойы үйдің төбесінде жүрген. Бейресми ақпаратқа сәйкес, ол сүйіктісімен жанжалдасып, қауіпті қадамға бармақ болған.

«20 сәуірде полицияға көпқабатты тұрғын үйдің шатырында ер адамның жүргені туралы хабарлама түсті. Аталған факт бойынша елорданың 18 жастағы тұрғыны анықталды, ол алдын ала мәлімет бойынша биіктен секірмек болған. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, психологтар тартылды. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қабылданды», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, жерге үрленген жастық төседі. Қазіргі уақытта полиция жас жігітті шатырдан аман-есен түсірді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.