Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Алматыда адамдарға пышақпен ұмтылған ер адам ұсталды

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің ауласында ер адамдарға пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда адамдарға пышақпен ұмтылған ер адам ұсталды
Фото: istockphoto

Алматыдағы Buta Fenomen тұрғын үй кешенінің аумағында қолына пышақ ұстаған ер адам аула ішінде жүріп, өтіп бара жатқандарға тап берген. Қалалық Полиция департаменті құқық бұзушының анықталып, ұсталғанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, ер адам алкогольдік масаң күйде болған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде ол дер кезінде залалсыздандырылды. Оның әрекеттеріне қатысты заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.