Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

FlyArystan ұшағы Шымкент әуежайында итті қағып кетті

FlyArystan әуе компаниясы Шымкент әуежайында болған оқиға туралы хабарлады.

FlyArystan ұшағы Шымкент әуежайында итті қағып кетті
Фото: Baq.kz.

Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, 2026 жылдың 15 сәуірінде Алматы – Шымкент бағыты бойынша FS7105 рейсі қонғаннан кейін, ұшу-қону жолағында ұшақ итпен соқтығысқан.

Соқтығысу салдарынан ұшақтың кейбір бөліктері зақымдалды. Компания ауыстыруға қажетті бөлшектердің Алматыдан жеткізілетінін нақтылады.

Соқтығысу салдарынан әуе кемесінің компоненттері зақымдалды. Ауыстырылуы тиіс барлық бөлшек Алматыдан жеткізіледі. Ұшу қауіпсіздігі әуе компаниясының басты басымдығы болып табылады. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде, – деп атап өтті компания өкілдері.