Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Каспий теңізінде жер сілкінді

Каспий теңізінде магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, жер сілкінісі Лянкяранда да сезілді.

Каспий теңізінде жер сілкінді
Фото: oxu.az

Бұл туралы Әзербайжан сейсмологиялық орталықтың жер сілкінісін зерттеу бюросы хабарлады. 

Ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 12 сәуір күні 22:46–да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқан.

Лэнкарандағы жер сілкінісінің күші Рихтер шкаласы бойынша 3,0.