Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Ол курьер емес»: Түркияда қаза тапқан ер адамның жақындары бар шындықты айтты

Ыстанбұлда атыс кезінде қаза тапқан қазақстандыққа қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Paryz.kz Sadaq.kz-ке сілтеме жасап.

«Ол курьер емес»: Түркияда қаза тапқан ер адамның жақындары бар шындықты айтты
Фото: haberler

36 жастағы марқұмның Ариф Исмаилов екені анықталды. Ол 1989 жылы Алматыда дүниеге келген. Оның артында жұбайы мен кәмелетке толмаған үш баласы қалды. Отбасының ұлты күрд болғанымен, бірнеше буыннан бері Қазақстан азаматтары екені айтылды. Марқұмның жақындары оның курьер деп хабарлаған ақпаратты жоққа шығарып, кәсіпкер болғанын айтты. "Ол ірі логистикалық компанияны басқарған. Оны курьер деп көрсету – істің мәнін жеңілдету үшін жасалған әрекет", – дейді ағасы.

Туыстарының айтуынша, Ариф Исмаилов ұзақ жылдар бойы Қазақстан мен Түркия арасында жүк тасымалымен айналысатын көлік-логистикалық компанияны басқарған. Соңғы 15 жыл ішінде осы сала бойынша қызмет атқарып, Ыстанбұлға бірнеше күнге ғана жұмыс бабымен келген көрінеді. Тергеу мәліметтері бойынша, бұл қастандыққа үш адам қатысқан.

Күдіктілер – Грузия азаматтары, олар қылмыс орнынан жаяу қашып, кейін таксимен елден кетуге әрекеттенгенімен, Түркия мен Болгария шекарасында дрондардың көмегімен қолға түсті. Бұған дейін кейбір дереккөздер оқиғаның себебін қарыз мәселесімен байланыстырып, болжам жасады.

Дегенмен, жақындары бұл болжамды ресми түрде жоққа шығарып, оның бизнесі толықтай заңды болғанын айтты. Марқұмның туыстары Қазақстан мен Түркияның құқық қорғау органдарына және дипломатиялық қызмет өкілдеріне алғыс білдірді. Ариф Исмаиловтың денесі елге жеткізіліп, 1 сәуір күні жерленді. Қаралы рәсімге шамамен екі мың адам жиналған.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 31 наурыз күні Ыстанбұлдың Фатих ауданында болған. Белгісіз адамдар ер адамды атып, оқиға орнынан ізін суытқан. Кейін бұл сәт бейнебақылау камераларынан анықталды.