Шымкент қаласында 8-сынып оқушысы үйінде өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жасөспірімді туыстары тауып алған. Олар дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер тек өлім дерегін тіркеуге мәжбүр болған.
Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Жасөспірімді мұндай қорқынышты қадамға не итермелегені анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.
Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметінше, өткен жылы осындай 11 жағдай тіркелген. Олардың барлығы дерлік отбасылық жанжалдармен байланысты болған.