Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Түркияда көшеде Қазақстан азаматын атып кетті

Түркияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматын көшеде атып кетті. Полиция екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz Haberler.com-ға сілтеме жасжаудырғанап.

Түркияда көшеде Қазақстан азаматын атып кетті
Фото: haberler

Қылмыс кеше шамамен сағат 16:30-да болғаны хабарланды.

Жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловқа белгісіз біреу оқ жаудырған. Ауыр жарақат алған Исмаилов ауруханада көз жұмды, - деп мәлімдейді ақпарат көзі.

Стамбул полициясы алдымен күдіктілердің көлігін, кейін дрондардың көмегімен олардың өздерін тапты. Ұсталғандар - Грузия азаматтары, олар шекара асып қашпақ болған көрінеді. Қылмыстың себебі әзірге белгісіз.