Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам қайтыс болды

Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам ағаштан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам қайтыс болды
Фото: sputnik.kz

Қайғылы оқиға 5 сәуір сағат таңғы сағат 08:00 шамасында болған. Ер адам ағаш басындағы мысықты құтқарамын деп 6 метр биіктіктен құлап кеткен.

"51 науқас жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға сағат 9:05-те жеткізілді. Жағдайы өте ауыр болды. Көп жері сынған, ішкі ағзалары жыртылған. Травматикалық, геморрагиялық шок алған", - дейді дәрігерлер.

Науқасқа кешенді терапия жүргізілді. Барлық медициналық іс-шараларға қарамастан, алған зақымдардың салдарынан науқас қайтыс болды.