Екі адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі деп айыпталған аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды paryz.kz.
Қылмыстық іс Жамбыл облысында қаралды. Жол апаты 27 шілдеде "Алматы-Екатеринбург" тас жолында болған еді.
"Ол шаршаған күйде жол ережесін бұзып, көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен, содан кейін оның көлігі аударылған", - делінген сот материалында.
Салдарынан сотталушының досы мен әпкесі қайтыс болды, өзі ауруханаға жатқызылды.
Сотта ол өз кінәсін мойындамады. Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ оған 7 жылға көлік жүргізуге тыйым салынды. 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы болғандықтан, жаза 5 жылға кейінге қалдырылды.