Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Қарағандыда екі адам өлі күйінде табылды

Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіттері табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағандыда екі адам өлі күйінде табылды
Фото: polisia.kz

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға 26 наурыз күні Крылов көшесіндегі тұрғын үйде болған. Пәтерден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының денелері анықталған.

«Олардың денелерінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде», — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті болуы мүмкін адамның жеке басы анықталған. Қазіргі уақытта оны ұстау шаралары қабылданып жатыр. Көршілердің айтуынша, күдікті — қаза тапқан әйелмен бірге тұрған ер адам.