Астанада тал түсте ер адамды пышақтап өлтірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Күдікті - 20 жастағы жігіт.
"Адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды", - дейді Астана қаласының полиция департаменті.
Полицияның айтуынша, екеуі таныс болған.
Араларында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ салған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп, тергеу жүріп жатыр