Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ақтөбе облысында жастар жаппай төбелесті: бір адам қайтыс болды

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында жастар жаппай төбелесіп, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтөбе облысында жастар жаппай төбелесті: бір адам қайтыс болды
Фото: istockphoto

Пышақ жарақатынан 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Марқұм жасөспірімнің туыстарының айтуынша, ол өте елгезек, ашық-жарқын жан болған.

"Әлихан адамдармен оңай тіл табысып, науқас әжесін бағатын. Ұзын бойлы, әдемі, ол армияда қызмет етуді және білімін жалғастыруды, отбасына көмектесуді армандайтын", - деді Әлихан тәтесі. 

Полиция қылмыстық іс қозғады

"Кәмелетке толмағандардың қатысуымен олардың бірінің қайтыс болуына әкелген жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысқан барлық адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", - дейді Ақтөбе облысының полиция департаментінде.

Тергеу барысы бақылауда. Кінәлі адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады, дейді полицияда.