Батыс Қазақстанда жасөспірімді зорлады деп күдікке ілінген экс-шенеунік ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Күдікті 25 ақпанда қамауға алынған. Полицияның хабарлауынша, 11 наурызда ол денсаулығының күрт нашарлауына байланысты облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
"Оған бауырдың уытты зақымдануы, бауыр некрозы, инсулинге тәуелсіз қант диабеті диагноздары қойылған", - делінген полиция хабарламасында.
Ол 16 наурызда сағат 18:10-да есін жимастан ауруханада қайтыс болған.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ол аудандық әкімдікте басқарма басшысы болған.