Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ақтөбе облысында 5 адам қайғылы жағдайда көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтөбе облысында 5 адам қайғылы жағдайда көз жұмды
Фото: видиодан скриншот

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

«Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жолдағы қауіпсіздік шараларын ұстануды ескертеді, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.