Қобызшы, қазақтың алғашқы кәсіби музыкант қыздарының бірі Раушан Нұрпейісова 97 жасында дүниеден озды. Қайғылы хабарды журналист Дина Имамбай әлеуметтік желідегі жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Раушан Түсіпбекқызы – әйгілі академик Ахмет Жұбановтың шәкірттерінің бірі.
Ол ұзақ жылдар бойы Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде қобызшы болып еңбек еткен.
Өнер жолында ол белгілі қобызшылар Дәулет Мықтыбаев және Жаппас Қаламбаевпен бірге сахнада өнер көрсеткен.