Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Жетісуда ТЖД қызметкері ерлікпен қаза тапты

Жетісу облысында құтқару жұмыстары кезінде ТЖД қызметкері Дамир Таранов қызметтік борышын атқару барысында ерлікпен қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған Paryz.kz.

Жетісуда ТЖД қызметкері ерлікпен қаза тапты
Фото: Жетісу облыстық ТЖД

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 7 наурызда Жетісу облысы Панфилов ауданы Атамекен ауылдық округіндегі Алтынкөл көлінде балық аулау кезінде мұз жарылып, салдарынан бір адам мұз кесегімен бірге көлдің ортасына қарай ағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Жетісу облысының ТЖД күштері мен құралдары, Жаркент қаласындағы №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Талдықорған қаласының жедел-құтқару жасағы, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің және Алматы облысы ТЖД құтқарушылары жіберілген. 

"Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында мұз қайтадан жарылып, соның салдарынан Панфилов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Таранов Дамир Таиржанович қаза тапты", - делінген хабарламада.