Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ақтауда пәтерден зейнеткердің мәйіті табылды

Ақтауда 7-шағын ауданда пәтерден қартаң әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтауда пәтерден зейнеткердің мәйіті табылды
Фото: pixabay

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша бірінші болып көршілері дабыл қаққан. Өйткені көпқабатты үйдің кіреберісін жағымсыз иіс алып кеткен.

Тұрғындардың айтуынша, зейнеткер жалғыз тұрған. Соңғы күндері оны ешкім көрмеген. Оқиға орнына 3 наурыз сағат 16:00 шамасында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар келген.

Олар пәтерге терезеден кірген. Маңғыстау облыстық полиция департаменті марқұмның 79 жаста болғанын, биологиялық өлім екенін айтты.