Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Щучинсктегі қайғылы жағдай: кафе иесі ұсталды

Щучинскте жарылыс болған "Центр плова" кафесінің иесі ұсталды. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ге сілтеме жасап.

Щучинсктегі қайғылы жағдай: кафе иесі ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық істі арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тергеп жатыр.

"Центр плова" кафесінің иесі 2026 жылдың 2 наурызында қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеуді Бас прокуратура бақылап отыр.