Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Басынан ұрған, матаға орап талдырған»: Астана мен Алматыдағы жекеменшік орталықтың мамандары ерекше балаларды қинаған

Алматы қаласындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан «Феникс» орталығында диагнозы бар балаларды жүйелі түрде ұрып-соғады деген ақпарат тарады. Әлеуметтік желіде адам сенгісіз азаптау сәттерінің видеосы тараған соң, бұл орталыққа баласын апарған ата-аналардың пікірі көбейді, деп жазады Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Басынан ұрған, матаға орап талдырған»: Астана мен Алматыдағы жекеменшік орталықтың мамандары ерекше балаларды қинаған
Фото: видиодан скриншот

Сондай ата-аналардың сөзіне сенсек, орталық қызметкерлері балаларды таяқпен бастарынан ұрған, жұдырықпен соққан, қорлаған. Мұның бәрін ата-аналар өз көздерімен көрген. Алайда бейнежазбаларды полиция алып кеткен.

«Біз, ерекше балалардың ата-аналары, орталық жұмысын әрі қарай жалғастыра ма деп қорқамыз. «Феникс» орталығының директоры өз қызметкерлерін барынша қорғап отыр. Орталықтағы жаттықтырушылардың арнайы профильдік білімі жоқ. Көшеден келген кез келген адам қысқа курстан өтіп, сол жерде сертификат алып, ерекше балалармен жұмыс істей алады», - деп алаңдайды ата-аналар. 

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық бір рет емес, бірнеше рет жасалған. Ата-аналардың рұқсатынсыз жаттықтырушы Жанат тікелей эфирге шығып, балаларды көрсеткен.

Ал жаттықтырушы Тофик 16 ақпанда түсірілген видеода баланы ішінен ұрған.

Сондай-ақ аталған «Феникс» орталығының Астанадағы филиалының қызметкерлері де балаларды өлімші күйге түсірген. Ем алып жатқан баланы орап, тұншықтырғаны сонша кішкентай бала есінен танып қалған.