Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Түркістан облысында тұрғынды бір топ адам өлімші етіп сабап кеткен

Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғынын бір топ адам өлімші етіп сабап кеткен, деп хабарлайды paryz.kz.

Түркістан облысында тұрғынды бір топ адам өлімші етіп сабап кеткен
Фото: әлеуметтік желіден

Жәбірленуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Полиция мәліметінше, топтық төбелес бойынша екі күдікті ұсталып, кейін үйқамаққа жіберілген.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті екі тұрғын ұсталды. Ұсталғандарға қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр. Туыстарының айтқан уәждері зерттеліп, тексерілетін болады, дейді полиция.

Ал жәбірленуші медициналық мекемеде тиісті ем алып жатыр.